Атырауда заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді
Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Атырау — Доссор тасжолының 601-шақырымы тұсында Volvo автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жалпы салмағы 17 тонна 652 келі балық өнімдерін анықтап, тәркіледі.
Аталған дерек бойынша балық ресурстарын заңсыз алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жариялануға жатпайды. Полиция азаматтарды табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға және заңсыз балық аулау, сақтау немесе тасымалдау фактілері туралы полицияға хабарлау керектігін ескертеді.