Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:37, 30 Қаңтар 2024

Қарағандыдағы жарылыс: үйінді астынан 2 адамның мәйіті шығарылды

Қарағанды
Фото: из открытых источников

Қарағанды ​​облысының Ботақара кентінде тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан үй опырылып құлаған. Үйіндінің астынан екі адамның мәйіті табылды, деп жазды Zhasalash.kz.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 30 қаңтарда сағат 00:07–де Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіндегі Әуезов, 8а мекенжайы бойынша екі қабатты, екі кіреберісі бар 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан № 10 пәтерде жарылыс болды.

Үй 2014 жылы салынған. Оның жалпы ауданы 510 шаршы метрді құрайды.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде бірінші қабаттағы № 5, 6, 8, екінші қабаттағы № 11, 12 пәтерлер жарым-жартылай зақымданған. Үйде барлығы 46 адам тұрады, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.