Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:59, 07 Ақпан 2024

Шымкентте оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады

таблетка
Фото:

Шымкентте 8-сыныпта оқитын оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады. Белгілі болғандай, ол бір уыс таблетка дәрілерді ішкен, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

"Низамхан" атындағы жекеменшік мектептің оқушысы сабақта өзін нашар сезінген.

Директордың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келген.

Алдын ала мәлімет бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы қыз бір уыс таблетка ішкен. Ол жансақтау бөліміне түскен, ал түске қарай қаралы хабар жеткен.

"Бала өзін нашар сезінді. Біз жедел жәрдем шақырдық, бірақ не болғанынан бейхабар едік. Сосын ол бізге жүректің 40 шақты таблеткасын ішіп, мектепке келгенін айтты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыз ренжулі болған жоқ, сыныптастарымен әңгімелесті. Олар түгел дерлік сыныбымен 79-мектептен ауысып келді. Мектепте қандай да бір буллинг болды деп айта алмаймын", - дейді "Низамхан" жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.