Live

6 жылға сотталған Жақсылық Омар үкімге шағымдануға тырысып жатыр

Жақсылық Омар сыбайлас жемқорлық ісі бойынша өзіне шыққан үкімге апелляциялық шағым түсірді.

Жақсылық Омар

Сот кабинетіндегі мәліметке сәйкес, Жақсылық Омар сот үкіміне апелляциялық шағым берген.

«Судья Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот отырысын 20 мамыр күні сағат 11:00-ге белгіледі. Сотталған адамды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын», – делінген сот қаулысында.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде сотталған облыс әкімінің бірінші орынбасарының орнына әлі жаңа адам табылмағаны хабарланған болатын.

Облыс әкімдігі жаңа тағайындау мәселесі апелляциялық сот шешімінен кейін қаралатынын тағы да нақтылады. Сонымен қатар әкімдіктің gov.kz сайтындағы «Басшылық» бөлімінен Жақсылық Омардың деректері алынып тасталған.

Айта кетейік, 3 сәуір күні Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жақсылық Омарды алаяқтық және пара алу бойынша кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Сот оның Toyota Camry көлігін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.

ШҚО прокуратурасы Омардың әрекеті «мемлекеттік қызметтің негіздеріне және қоғам сеніміне қол сұғады» деп мәлімдеп, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар амнистияға немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға іліге алмайтынын еске салды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз