Live

Нетаньяху Израильдегі сайлау қарсаңында Иранға соққы беруге қарсы екенін айтты

Нетаньяху Израильдегі сайлау қарсаңында Иранға соққы беруге қарсы екенін айтты

Биньямин Нетаньяху

"Менің ойымша, дәл қазір бұл біз үшін қолайсыз", – деді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Army Radio радиосына берген сұхбатында.

Ол АҚШ-тың немесе Израильдің Иранға соққы беруі мүмкін екеніне қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Channel 12 телеарнасы Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трампты Израильдегі сайлау мен АҚШ Конгресіне өтетін аралық сайлауға дейін Иранға қарсы әскери әрекеттерді қайта бастауға шақырғанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ Нетаньяху қазіргі премьер-министр басқаратын партиялар блогы сайлауда жеңіске жетсе, ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир келесі үкіметте қорғаныс министрі болмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қызмет "Ликуд" партиясының өкіліне беріледі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз