Live

Алматыда көлік тұрағындағы жанжал адам өлімімен аяқталды

Алматыда көлік тұрағына байланысты туындаған тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға ұласты.

1

Көршілерімен төбелескен 37 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды.

Оқиға 37 жастағы Данил Щетников үйіне оралып, әдетте көлігін қоятын орында бөтен автокөлік тұрғанын байқаған кезде басталған. Ол көршісінен көлігін алып тастауды сұраған. Алайда екі ер адамның арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан.

Куәгерлердің айтуынша, көршісі көмекке ағасын шақырған. Оқиға орнына келген ер адам пышақ алып шығып, Данилдың мойнына сұққан.

Ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Бір аптадан кейін ол алған жарақатынан көз жұмды.

Марқұмның артында сегіз жасар ұлы мен жүкті әйелі қалды. Жұбайы келесі айда қыз босануы тиіс.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу" бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Алайда марқұмның туыстары істің мұндай саралануымен келіспейді. Олар күдіктінің әрекетін "Адам өлтіру" бабы бойынша қайта саралап, қатаң жаза тағайындауды талап етіп отыр.

Тегтер: адам өлімі
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз