Live

"Яндекс Дискідегі" ақаудан Кенесары туралы фильмнің материалдары жоғалды

Қазақстандық режиссер Мұхтар Омаров Threads әлеуметтік желісінде "Хан Кенесары: Соңғы шайқас" деректі фильміне арналған архив материалдарының бір бөлігін жоғалтып алғанын хабарлады

Яндекс

Режиссердің айтуынша, "Яндекс Диск" сервисіндегі ақаулар украиналық дрондардың шабуылынан кейін пайда болған.

Жоғалған архив материалдары фильмді толықтырып, тарихи оқиғаларды кеңірек ашуға арналған.

Алайда фильмнің негізгі материалдары сақталған. Олардың резервтік көшірмесі сыртқы қатқыл дискіге жазылған.

Мұхтар Омаровтың айтуынша, архив материалдарының бір бөлігі жоғалғанына қарамастан, деректі фильмді түсіру жұмыстары жалғасып жатыр.

1
Фото скриншот/1

 

Тегтер: Кенесары хан
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз