Live

Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соғысып, бір адам қаза тапты

Қостанай облысының Тобыл қаласында КамАЗ жүк көлігі екі мотоциклмен соғысып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілген.

жол апаты

Жол апаты Тобыл қаласындағы Семин көшесінде болған.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, КамАЗ жүргізушісі солға бұрылу кезінде екі мотоциклмен соғысқан.

"Тобыл қаласындағы Семин көшесінде КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде екі мотоциклмен соғысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, екінші адам ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі екі мотоциклді де солға бұрылу кезінде соққан.

Қазір полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз