Қоғам

Нұрай Серікбайдың туыстары 10 миллиард теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етті

Шымкентте өлтірілген Нұрай Серікбайдың туыстары соттан 10 миллиард теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіріп беруді сұрады.

Нұрай Серікбай

Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, ешқандай қаржылай өтем Нұрайды қайтара алмайды және отбасының қайғысын жеңілдетпейді.

Оның сөзінше, егер сот талапты қанағаттандырып, 10 миллиард теңге көлемінде өтемақы өндіріп берсе, бұл қаражаттың барлығы қайырымдылыққа бағытталады.

Сонымен қатар марқұмның туыстары жерлеу рәсіміне, ас беруге, құлпытас орнатуға және өзге де шығындарға жұмсалған қаражатты өтеу үшін 14,7 миллион теңге көлемінде материалдық залалды өндіріп беруді де талап етті.

Аталған талаптар сот процесі барысында қаралады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз