Қоғам

Алматыда 14 жастағы жасөспірімді алдап, қымбат смартфонын тартып алған күдіктілер ұсталды

Алматыда 14 жастағы жасөспірім бейтаныс адамдармен кездескеннен кейін қымбат смартфонынан айырылды. Оқиға Бостандық ауданында болған.

Полиция

Полицияның мәліметінше, екі жас жігіт жасөспірімді алдап, ұялы телефонын иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктілерді қысқа мерзімде анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, олар кәмелетке толмаған екі жасөспірім.

Сонымен қатар тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс жасалғаннан кейін күдіктілердің жасырынуына көмектесті деген күдікпен кәмелетке толған ер адам да ұсталды.

Бұдан бөлек, полицейлер ұрланған смартфон табылған әйелдің жеке басын анықтады. Ұялы телефон тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз