Live

Түркістан облысында жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған төрт мемлекеттік қызметкер қызметінен қуылды

Түркістан облысының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында Сарыағаш ауданындағы бірқатар мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын бұзғаны анықталды.

лудомания

Қадағалау органының мәліметінше, кейбір қызметкерлер жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысып, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулер мен қызметтік тәртіп талаптарын сақтамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде төрт мемлекеттік қызметкер атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Прокуратура өкілдері мұндай әрекеттер мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарына және қызметтік әдеп нормаларына қайшы келетінін атап өтті. Сондай-ақ мұндай заң бұзушылықтар мемлекеттік органдардың беделіне кері әсер ететіні айтылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз