Астанада ер адам автотұрақта бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді
Астанада әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиға 22 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында болған.
Полицияға әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары күдіктінің марқұмның бұрынғы күйеуі екенін анықтаған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желіде марқұмның есімі Жазира екені және 1996 жылы туғаны жазылған. Сондай-ақ кейбір қолданушылар әйелге көлігін автотұраққа қойып жатқан сәтте шабуыл жасалғанын, оның артында екі баласы қалғанын мәлімдеген. Алайда бұл ақпарат әзірге полиция тарапынан ресми расталған жоқ.