Әлеумет

Супермаркет қызметкерлеріне тіл тигізген әйел жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерде әйел адамның супермаркет қызметкерлеріне қатысты агрессивті әрі әдепсіз әрекет жасағаны бейнеленген видео таралуда.

Полиция

Аталған оқиға Алматы қаласында орын алған. Жанжалдың туындауына себеп болған азаматшаның жеке басы анықталды.

Оған қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары жинақталып, сот шешімімен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп талаптарын қатаң сақтауға шақырады және агрессияның, әдепсіз мінез-құлықтың, сондай-ақ қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін кез келген арандатушылық әрекеттердің жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарға заң аясында қатаң шара қолданылады.

Сонымен қатар азаматтардан құқыққа қайшы контентті таратудан бас тартуды сұраймыз. Өйткені мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті жауапкершілік көзделген.

Азаматтардың өзара сыйластығы мен ынтымағы, сондай-ақ Заң мен Тәртіп қағидаттарын мүлтіксіз сақтау – қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудің маңызды негіздерінің бірі.

Тегтер: Алматы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз