Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?
2026 жылы қазақстандықтар Астана күніне байланысты қосымша демалыс алады. Биыл 6 шілде – Астана күні дүйсенбіге сәйкес келіп отыр.
Бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар үшін:
– 4 шілде (сенбі) – демалыс;
– 5 шілде (жексенбі) – демалыс;
– 6 шілде (дүйсенбі) – мерекелік демалыс күні.
Осылайша қазақстандықтар 4-6 шілде аралығында қатарынан үш күн демалады.
Ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша:
– 4 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
– 5 шілде (жексенбі) – демалыс;
– 6 шілде (дүйсенбі) – мерекелік демалыс күні болады.
Нәтижесінде 2026 жылдың шілде айында бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтіндер үшін 9 демалыс және 22 жұмыс күні қарастырылған. Ал алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететін азаматтар 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.