Әлеумет

Қазақстанда кей мамандықтар жасанды интеллект әсерінен жойылуы мүмкін

Жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың дамуы Қазақстандағы еңбек нарығына әсер етіп жатыр.

жаңа мамандықтар

Кейбір мамандықтар болашақта мүлдем қажет болмай қалуы мүмкін. Олардың қатарында мәтін терушілер, деректерді енгізу операторлары мен корректорлар бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, басқа мамандықтардың басым бөлігі толық жойылмайды. Алайда олардың жұмыс істеу тәсілі мен міндеттері технологиялардың дамуына байланысты айтарлықтай өзгереді. Сонымен қатар еңбек нарығында бұрын болмаған жаңа кәсіптер пайда болады.

2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына кадрлардың орнын толтыру және жаңа жұмыс орындарының ашылуын ескере отырып, 2,9 млн қызметкер қажет болады. Оның 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтардың өкілдері болады деп болжанып отыр.

Еңбекке деген сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында жоғары болмақ.

Сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтар тізімін 51-ден 174-ке дейін кеңейту жоспарланып отыр. Олардың қатарында инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл энергетика және атом энергетикасы бағыттары бар.

Еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты білім беру бағдарламалары мен біліктілік талаптарын да жаңарту жоспарланған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз