Қоғам

Алматылықтар жарықсыз қалды

14 тамыз күні күндіз Алматының бірнеше ауданында электр қуаты өшіп, тұрғындар жарықсыз қалды.

электр энергия

Кейбір үйлерде электр энергиясы қайта-қайта өшсе, бірқатар нысанда жарық толық сөнген. Қала әкімдігінің мәліметінше, сағат 14:38-де KEGOC-тың үш электр желісінде бірден апатты ажырату болған. Осыдан кейін апатқа қарсы автоматика іске қосылып, Алматы мен Алматы облысындағы тұтынушылардың бір бөлігі электр желісінен ажыратылған. Электр жарығындағы ақау Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарында байқалды.

Өшірілген жүктеменің жалпы көлемі 300 МВт болған. Қазір «Алатау Жарық Компаниясының» мамандары электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тегтер: Алматы жарық
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз