Live

Алматыдан 300 шақырым жерде жер сілкінді

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Алматыдан шамамен 300 шақырым оңтүстік-батыста болған.

Сілкінісі

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі 24 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 09:50-де тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Байбиче ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 шақырым жерде орналасқан. Сондай-ақ ол Манас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 95 шақырым қашықтықта болған.

Байбиче және Қара-Дөбө ауылдарында жер сілкінісінің қарқындылығы 2 балл болған.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы ақпарат түспеген.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан сейсмологтары Қырғызстан мен Қытай шекарасы маңында магнитудасы 4,8 және 4,5 болатын екі жер сілкінісін тіркеген еді. Ал 20 мамырға қараған түні Өзбекстан аумағында да жер сілкінісі болған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз