Қоғам

eGov Mobile қосымшасында үй жануарларына арналған цифрлық паспорт пайда болды

Қазақстандықтар енді үй жануарларының цифрлық паспортын eGov Mobile қосымшасы арқылы пайдалана алады.

eGov Mobile

Жаңа цифрлық құжатта үй жануары туралы негізгі мәліметтер, вакцинация тарихы және басқа да маңызды ақпарат қамтылған.

Паспортты көру үшін eGov Mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Басқа құжаттар»санатынан «Үй жануарының паспорты» бөлімін таңдау қажет.

Жаңа қызметтің арқасында үй жануарының қағаз түріндегі паспортын өзіңізбен бірге алып жүру міндетті емес.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз