Құрылтай сайлауының ресми қорытындысы жарияланды
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлаудың ресми нәтижесін жариялады.
Сайлаушылар тізіміне 12 623 289 азамат енгізілген. Оның 9 351 539-ы дауыс беруге қатысқан. Осылайша сайлаушылардың белсенділігі 74,08 пайызды құрады.
Партиялардың жинаған дауысы:
«Әділет» – 6 528 948 дауыс (71,17%)
«Ауыл» – 574 621 дауыс (6,26%)
Respublica – 509 631 дауыс (5,56%)
«Ақ жол» – 478 083 дауыс (5,21%)
ЖСДП – 469 058 дауыс (5,11%)
ҚХП – 285 395 дауыс (3,11%)
«Байтақ» – 97 751 дауыс (1,07%)
Осы нәтижеге сәйкес, «Әділет» партиясы сайлауда жеңіске жетті. Ал «Байтақ» пен Қазақстан Халық партиясы 5 пайыздық межеге жете алмады.