Қоғам

«Бәрі қымбат»: Оралда наразылыққа шыққан белсенді 25 тәулікке қамауға алынды

Toiken Media мәліметінше, 50 жастағы Мәруа Ескендірова 16 шілдеде Орал қаласында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды талап етіп, наразылық акциясына шыққан.

Орал

Ол азық-түлік пен күнделікті тауарлардың қымбаттауына назар аударып, зейнетақы мен жәрдемақы көлемін арттыруды сұраған. Белсендінің айтуынша, ол сондай-ақ аштық жариялаған.

Алайда акция басталғаннан кейін бірнеше минут ішінде полиция оны ұстап әкеткен. Кейін Орал қалалық соты Мәруа Ескендірованы «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз