Live

Бағдат Мусин мен «Қазақтелеком» басшылығы 752,3 млн теңге сыйақы алған

QAMS қауымдастығының хабарлауынша, компанияның шоғырландырылған қаржылық есебінде негізгі басқарушы құрамға төленген сыйақы жалпы және әкімшілік шығыстар құрамында көрсетілген.

Мусин

Есепке сәйкес, 2025 жылы бұл төлемдердің жалпы көлемі 752,280 млн теңгені құраған.

Осылайша, Бағдат Мусин мен «Қазақтелекомдағы» топ-менеджмент 2025 жылдың қорытындысы бойынша 752 млн теңгеден астам сыйақы алған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның жалпы табысы 587,2 млрд теңгені құрады. Операциялық пайда көлемі – 94,5 млрд теңге, ал таза пайдасы 147 млрд теңгеге жеткен.

Сонымен қатар есепте компанияның негізгі қарыздық жүктемесі қысқа мерзімді несиелер мен жеткізушілер алдындағы берешектен тұратыны айтылған. 2025 жылдың соңындағы мәлімет бойынша бұл сома шамамен 300 млрд теңгені құрайды.

Бағдат Мусин «Қазақтелеком» компаниясын 2024 жылдан бері басқарады. Ол бұл қызметте Қуанышбек Есекеевтің орнына келген болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз