Қоғам

Алматыда блогер діни мазмұндағы жазба жариялағаны үшін жауапқа тартылды

Алматыда әлеуметтік желіде діни мазмұндағы материал жариялаған блогерге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Дін істері басқармасы хабарлады.

Сот

Ведомство мәліметінше, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған.

Сот отырысы кезінде блогер өз кінәсін толық мойындаған. Нәтижесінде оған қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік айыппұл салу туралы шешім қабылданды.

Аталған блогер бұған дейін қыз балалардың сән көрсетіліміне қатысуын діни тұрғыдан сынаған видеосынан кейін қоғам назарын аударған болатын. Бұл жазба әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды.

Алматы қаласының Дін істері басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес діни мазмұндағы материалдарды тек арнайы белгіленген орындарда таратуға рұқсат етілетінін еске салды. Мұндай талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз