Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:58, 21 Қараша 2023

Қаңдар оқиғасында оққа ұшқан Айкөркемнің әкесіне "жалған ақпарат таратқаны үшін" айыппұл салынды

Айкөркем
Фото: из открытых источников

Алматы қалалық соты Фейсбук парақшасында жарияланғандай, Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан төрт жасар Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханұлына 69 мың теңге айыппұл салынған.  

Таяуда оның үстінен "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша іс қозғалған. Фейсбук желісіндегі "Алматы соттары" парақшасында Айдос Мелдеханұлына салынған айыппұлды былай түсіндірген:

"Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мелдеханұлы жөнінде әкімшілік істі қарады. 8 қарашада Мелдеханұлы Фейсбукте бейнехабарлама жариялаған. Онда Мелдеханұлы 21 қазанда көршісінің шабуыл жасағанын, полиция қызметкерлері әрекет етпегенін мәлімдеген. Сондай-ақ "полиция органдары оның өтінішін қабылдамаған және қандай да бір сипатта әрекет етуге тырыспаған". Сот Мелдеханұлынан полицияға қандай да бір өтініш түспегенін анықтады. Ол учаскелік полиция қызметкерімен әңгімеде жанжалдың бейбіт жолмен шешілгенін айтқан. Осылайша, Меделханұлы желіде жалған ақпарат жариялаған".