Алматыда өзен маңынан қару-жарақ жасырылған орын табылды
Алматыда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дархан шағынауданындағы өзен маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орынды анықтады.
Жасырын жерден қарудың бірнеше түрі табылды. Полиция газды тапаншалар, граната және тегіс ұңғылы мылтықтардың кесінділерін тәркіледі.
Қазір барлық зат сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қару-жарақтың шығу тегін, кімге тиесілі екенін және жасырын орынның қашан әрі қандай жағдайда жасалғанын анықтайды.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.