Қоғам

Астанада жеңіл көлік Есіл өзеніне түсіп кетті

Астанада жеңіл автокөлік Есіл өзенінің арнасына түсіп кеткен.

ТЖМ

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің электрондық жүйесінде ақау пайда болып, жүргізуші басқаруды жоғалтқан.

Көлікте жүргізуші мен бір жолаушы болған. Екеуі де дер кезінде көліктен өздігінен шығып үлгеріп, зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына құтқарушылар мен сүңгуірлер келген.

Мамандардың көмегімен және кранның арқасында көлік судан шығарылды. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз