Live

Қажылыққа апарамыз деп 37 адамнан 60 млн теңге алғандар сотталды

Қажылық сапарын ұйымдастырамыз деп азаматтарды алдаған екі тұрғын сотталды. Олар Instagram әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылыққа апару туралы жарнама жариялаған.

қажылық

Жарнамаға сенген 37 азамат күдіктілерге жалпы сомасы 60 млн теңге көлемінде ақша берген. Алайда уәде етілген сапар ұйымдастырылмай, алынған қаражат күдіктілердің жеке қажетіне жұмсалған.

Сот үкімімен екі азаматтың әрқайсысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз