TikTok пен Instagram желісінде бейәдеп сөздер қолданған Ақтөбе облысының тұрғыны жазаланды
Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері TikTok және Instagram әлеуметтік желілерінде бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады.
Тексеру нәтижесінде автордың, құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол – Ақтөбе облысының 38 жастағы тұрғыны Санат Нұртаев.
Аталған азамат қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция әлеуметтік желілердің көпшілікке қолжетімді қоғамдық кеңістік екенін еске салады.
Сондықтан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары интернет пайдаланушыларының әрекеттеріне де толық көлемде қолданылады.