Қоғам

Қызылордада төрт мектеп оқушысы ауруханаға жеткізілді

Қызылорда қаласында оқыс оқиға орын алды. Облыс орталығындағы № 253 мектептің оқушысы қоңырау уақытында бұрыш баллонын шашқан. Салдарынан 4 жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

к

Зардап шеккен оқушылар Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір жасөспірімдер дәрігерлердің бақылауында, тиісті ем - шараларын жасауда. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс жасап жатыр.

“23 қыркүйек күні Қызылорда қаласында орналасқан мектептердің бірінде оқушы қоңырау уақытында бұрыш баллонын шашқан. Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыларды эвакуациялап, 4 жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.
Анықталған жасөспірімнің заңды өкілдері және оқитын оқу орындарының қызметкерлері шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде”, - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тегтер: қызылорда
Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз