Каспийде қаза болған әскери қызметшінің сүйегі Түркістанға жеткізілді
Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі туған жері Түркістан қаласына жеткізілді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшінің денесі 25 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында арнайы ұшақпен Түркістан әуежайына жеткізілген.
Сол күні қалада марқұммен қоштасу рәсімі өтті. Жаназа намазы оқылып, әскери қызметші туған жерінде жер қойнына тапсырылды.