Қоғам

1 шілдеден бастап электрлі самокаттарға арнайы нөмір тағу міндеттеледі

Қазақстанда 1 шілдеден бастап жалға берілетін электрлі самокаттарды пайдалану тәртібіне бірқатар жаңа талап енгізіледі.

самокат

Енді мұндай көлік құралдарының барлығы арнайы реттік нөмірмен жабдықталуы тиіс.

Жаңа ережеге сәйкес, электрлі самокаттарды жалға беру қызметін ұсынатын компаниялар өз паркін толық есепке алып, әр самокатқа бірегей сәйкестендіру нөмірін бекітеді. Әр операторға арнайы әріптік белгі беріледі.

Полицияның мәліметінше, нөмірлер жарық шағылыстыратын материалдан дайындалып, самокаттың артқы және бүйір бөліктеріне орналастырылады. Бұл құқық қорғау органдарына жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды бейнебақылау жүйелері арқылы жылдам анықтауға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе жылдамдық режимін бұзу және өзге де құқық бұзушылықтарды тіркеуді жеңілдетеді. Мәселен, белгіленген жылдамдықтан асып кеткен самокат жүргізушісі автоматты бақылау камералары арқылы анықталуы мүмкін.

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап жалға берілетін электрлі самокаттардың барлығы міндетті сақтандырудан өтуі қажет болады.

Еске салайық, қолданыстағы талаптарға сәйкес, электрлі самокаттардың жол жиегімен қозғалу кезіндегі ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз