Қоғам

12,7 млрд теңге: Қайрат Сатыбалдыұлының Алматыдағы қонақүйі аукционға шығарылды

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүй кешені электронды саудаға қойылды. Нысанның бастапқы бағасы - 12,759 млрд теңге.

Қайрат Сатыбалдыұлы

Аукцион 2026 жылғы 25 қыркүйекте өтеді. Саудаға бір ғана қатысушы келген жағдайда да нысанды сатуға рұқсат етілген. Қонақүй Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқан.

Кешеннің жалпы аумағы – 16 196,4 шаршы метр, ал жер учаскесінің көлемі – 0,2581 гектар. Жер телімі жекешелендіру нысанының құрамына кірмейді және қонақүйдің бағалау құнына енгізілмеген. Дегенмен заңнамаға сәйкес, жерді пайдалану құқығы қонақүйді сатып алушыға өтеді.

Нысанға тыйым салынбаған. Бұған дейін қонақүй 6,49 млрд теңгеге бағаланған. Нысан Қайрат Сатыбалдыұлы келтірілген залалды өтеу аясында мемлекетке қайтарған активтердің тізіміне енген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз