Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:33, 13 Мамыр 2024

«Семей орманы» резерватының бұрынғы басшылары 7 жылға сотталды

s
Фото: из открытых источников

Абай облысы Бородулиха аудандық соты 14 адамның өліміне әкеп соққан орман өрті туралы іс бойынша үкім шығарды.

Іс ҚР ҚК 292-бабы «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қаралды.

Сот "Семей орманы" резерватында және Новошульба филиалында басшылық лауазымдарды атқарған В. және К. орман өрті кезінде оларға жүктелген өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамағанын, жағдайды дұрыс бағаламағанын және өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегенін, соның салдарынан 14 адам қаза тапқанын анықтады.В. және К. кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген сараптамалармен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен және т. б. толық дәлелденген. ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігінің санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сотталушылардың екеуінде де жас балалардың болуы және ауырлататын мән-жайлардың болмауы түріндегі жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот В. және К. - ны кінәлі деп тауып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Абай облыстық соты

 

Тегтер: