16 миллион қазақстандықтың жеке деректері Darknet арқылы сатылған ба?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев Қазақстанның шамамен 16 миллион азаматының жеке деректері интернеттің жабық сегменті – Darknet арқылы сатылған болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, мұндай ауқымды деректер қоры бір күнде жиналмаған.
База бірнеше жыл, тіпті ондаған жыл бойы түрлі ақпарат көздерінен жинақталған болуы ықтимал.
Вице-министрдің болжамынша, бұл деректер базасы Darknet-те сатылып, кейін оны коллекторлық агенттіктердің бірі сатып алған болуы мүмкін.