Қоғам

«2» алған оқушы келесі сыныпқа көшпеуі мүмкін

Қазақстанда мектеп оқушыларының білімін бағалау тәртібін өзгерту жоспарланып отыр.

Мақсатты мектеп

Жаңа талап бойынша 5–11-сынып оқушысы бір немесе екі пәннен жылдық қорытынды бағасы «2» болса, жазғы уақытта қайта жиынтық бағалаудан өтуі керек.

Егер оқушы қайта тапсырған бағалау кезінде қажетті нәтижеге жете алмаса, оған оқу жылы басталғанға дейін тағы бір мүмкіндік беріледі. Екінші сынақтан да өте алмаған жағдайда оқушыны сол сыныпта қайта оқыту мәселесі қаралады.

Ал бастауыш сыныптарда қолданыстағы тәртіп сақталады. 1-сынып оқушыларына баға қойылмайды, ал 2–4-сыныптарда 10 балдық бағалау жүйесі жалғасады.

Жаңа тәртіпке ата-аналардың көзқарасы әртүрлі. Кейбір ата-ана бұл талап оқушылардың сабаққа жауапкершілігін арттыруы мүмкін деп есептейді. Олардың пікірінше, біліміндегі олқылықтарға қарамастан баланы автоматты түрде келесі сыныпқа өткізу кейін оқу үлгеріміне кері әсер етуі ықтимал.

Тегтер: оқушы мектеп
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз