Қоғам

20 тамыздан бастап IMEI код тексерілмей телефон сатылмайды

Қазақстанда бүгіннен бастап смартфон сату тәртібіне жаңа талап енгізілді. Енді сатушылар сатып алушыға құрылғының IMEI кодын төлем жасалғанға дейін хабарлап, оны сатып алу құжаттарында көрсетуі тиіс.

Ұялы телефон

Жаңа талап смартфонды дүкен арқылы ғана емес, маркетплейстер арқылы сататын кәсіпкерлерге де қатысты.Өзгерістің негізгі мақсаты – елдегі «сұр» импорт көлемін азайтып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Бұл талап сатып алушыға құрылғыны сатып алмай тұрып оның IMEI кодын тексеруге мүмкіндік береді.

Мұндай тетік заңсыз әкелінген немесе талаптарға сәйкес келмейтін смартфондарды анықтауға көмектеседі. Өйткені кейбір құрылғыларды сатып алғаннан кейін ұялы байланыс желісінен ажырату қаупі бар.

Сондықтан мамандар азаматтарға смартфон алар кезде IMEI кодын төлемге дейін тексеріп, оның сатып алу құжаттарында дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізуді ұсынады.

Тегтер: телефон Код
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз