Қоғам

2022 жылы елімізде қанша бала дүниеге келді?

Биылғы жылдың 11 айында елімізде 369 мың 140 бала дүниеге келген, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2022 жылы елімізде қанша бала дүниеге келді?

 

Елімізде алғашқы баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы — 20-21. Ал екінші баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы 40-қа дейін ұлғайған.

 «Өңірлер арасында жоғарғы туу көрсеткіші, яғни жалпы туу коэфиценті Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Маңғыстау облыстарында жоғары. Ең төмен Солтүстік өңірлер. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы, Павлодар облыстарында төмен», — деді Ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы Қайыр Рысбаев.

Сарапшылар 2022 жылғы ең танымал есімдерді жариялады. Ерлі-зайыптылар жаңа туылған ұлдарына Әлихан, Айсұлтан, Алдияр, Омар, Әмір деп есім қойған. Ал қыздарға таңдалғандардың қатарында Медина, Айша, Айлин, Асылым және Томирис есімдері бар.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз