Саясат

26 сәуірде «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезі өтеді

Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады.

26 сәуірде «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезі өтеді

Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында мәлімдеді.

Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.

Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз