Қоғам

30 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр, 129 науқастың жағдайы ауыр

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 921 адам тіркеліп, емделіп жатқан 1 090 адам жазылып шықты, деп хабарлайды «Жас Алаш» ДСМ сілтеме жасай отырып.

30 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр, 129 науқастың жағдайы ауыр

 Бұл күнге дейін індет жұқтырғандардың саны 964 749-ға жетіп, олардың 926 136-сы жазылды. Қазір емделіп жатқандардың жағдайына тоқталсақ, 22 қарашадағы мәлімет бойынша 30 209 адам коронавирус инфекциясынан (26 052 КВИ+ және 4 157 КВИ-) емделуде, олардың ішінде  6 527 пациент стационарда,  23 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 493 адамның жағдайы ауыр, 129 пациенттің жағдайы өте ауыр, 92 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр»,- деп жазылған хабарламада.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз