Қоғам

30 жыл өмір өттің-ау

Тойлауда халқым думаншыл,Мейрамын 30-жылдықтыңЖүрегі құрғыр тұр шаншыпҮрле деп шоғын шындықтыңБолашақ жайлы сарқылды ой,Өткенім – зарлы естелік.

30 жыл өмір өттің-ау

Секемшіл болып қалдым ғой

Нұр деген сөзден сескеніп

Келемін ілбіп,

тек мынау:​

Қалса да сүлдер, құр кеудем,

30 жыл бойы өттім-ау

Түнектің өзін Нұр деумен

Тыңда деп өкпе, назымды,

Қолымды көкке жаямын.

Тіл жайлы зар боп жазылды

30 жыл ғұмырбаяным.

Өзім де надан қасқамын,

Ураным дейтін уым бар

Байлығы болған басқаның

Мұнайым деген мұңым бар

Қасқамын, өзім білемін

«Сынок» деп шақырып ұлымды

Өзіме-өзім күлемін

«Доча» деп қызым-гүлімді

Намысы қашқан кеудеден,

Тірімін, әлде өлімін?!

Үмітсіз шайтан деуменен

30-жыл өтті-ау өмірім.

Тегтер: Без Тега
Мырзан Кенжебай
Мырзан Кенжебай Мырзан Кенжебай

Оқыңыз