Қоғам

35 мемлекеттік жобаның құны негізсіз көтерілгені анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігі бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысын жариялады.

у

Агенттік ақпаратынша, 35 мемлекеттік жобаның заңсыздығы анықталған. 

Бюджет қаражатын жұмсау мониторингі шеңберінде құны 300 млрд теңгеден асатын 35 мемлекеттік жоба бойынша жобалық сметалық құжатта (ЖСҚ-да) бағаны негізсіз көтермелеуі анықталды. Агенттіктің бастамасы бойынша олардың құны 45 млрд теңгеге төмендетілді, делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, 19,2 млрд теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жалпы, қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша 7 есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайған. 

Тегтер: жемқорлық
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз