Қоғам

Абай облысында қызды өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды

Абай облысында полиция Бородулиха ауылында қызды өлтірді деген күдікпен 20 жастағы аудан тұрғынын ұстады.

қылмыс

Полицияның мәліметінше, 13 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында ауыл тұрғыны өз үйінің маңынан пышақ жарақаты бар қыздың мәйітін тапқан.

Аталған факі бойынша адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеудің алдын ала мәліметіне сәйкес, күдікті мен марқұм бір-бірін таныған. Олардың арасында жеке бас араздығы салдарынан жанжал туындаған.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тегтер: қылмыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз