Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:51, 25 Сәуір 2024

Абай облысында жайылымдық жер заңсыз берілген

с
Фото:

Абай облыстық прокуратурасы әкімдіктің заңсыз шығарылған қаулысының күшін жойды.

Прокуратура мәліметінше, әкімдік жайылымдық жерді аудандық жер қорына заңсыз енгізген.

Бородулиха ауданының әкімдігімен жалпы ауданы 4,3 мың га болатын 15 жайылымдық жерді ауданның арнайы жер қорына заңсыз тапсырылған. Жер заңдарының нормаларына сәйкес жайылым алқаптары бөлек меншiкке және жер пайдалануға берiлмейдi, яғни олар тек халықтың мұқтажына, мал жаюға арналған.Елдімекендердің жайылымдық жерлерін заңға сәйкес арнайы жер қорына алу оларды кейіннен қайта бөлуді көздейді, делінген хабарламада.

Прокуратура қабылдаған шараларымен аудан әкімдігі шығарған заңсыз қаулы күші жойылғаны айтылды.

Фото: 

 

Тегтер: