ӘЧ-2026 жанжалы: Миллиондаған адам Аргентинаны турнирден шығаруды талап етуде
Интернетте 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатынан Аргентина құрамасын шеттетуді талап еткен петиция қарқынды түрде таралып жатыр.
Осы бастама үшін Argentina Out атты жеке сайт ашылған. Жоба FIFA немесе ресми футбол ұйымдарына қатысы жоқ болғанымен, қысқа уақытта кең тарап, петицияға 2,5 миллионнан астам адам қол қойған.
Петиция авторлары FIFA мен төрешілерді Лионель Месси мен Аргентина құрамасына бүйрегі бұрады деп айыптауда.
«FIFA мен төрешілердің Лионель Месси мен Аргентинаға қатысты әділетсіз қолдауы анық көрініп тұр. Егер жеңімпаз алдын ала белгілі болса, қалған командалардың қатысуының мәні қандай? Аргентинаны әлем чемпионатынан шығарып, өзгелерге әділ мүмкіндік беріңіздер», – делінген үндеуде.

Плей-офф кезеңіндегі ойындардан кейін төрешілікке қатысты сын күшейді.
-
Швейцария құрамасы төрешілердің даулы шешімдеріне наразылық білдірді.
-
Мысыр футбол қауымдастығының президенті Хани Әбу Рида 1/8 финалдағы матчтан кейін төрешілердің әрекетін ресми түрде тексеруді талап етті. Оның айтуынша, Мысырдың бір голы негізсіз есептелмей қалған және Аргентина қақпасына айқын пенальти белгіленбеген.
Әзірге FIFA миллиондаған адам қол қойған петицияға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен Аргентина құрамасы мен Лионель Мессиге байланысты дау-дамай күшейіп келеді.