Live

«Әділ сөз»: Журналист Александра Алеховаға шыққан үкім тым қатаң

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті журналист Александра Алехованың ісі бойынша шығарылған үкімге алаңдаушылық білдіріп, жазаның шамадан тыс қатаң екенін мәлімдеді.

Александра Алёхова

«Журналистік қызметпен айналысуға тыйым салу және жарияланған кезде интернетте кең таралған әрі ашық сот құжаттарында болған ақпаратпен жұмыс істегені үшін нақты бас бостандығынан айыру жазасы құқықтық логика мен заң алдындағы теңдік қағидатына сәйкес келмейді. Бұл жағдайда ақпаратты алғаш таратқан ешқандай жазаға тартылмаған, ал мәліметтің сыртқа шығуына жол берген құқық қорғау органы қызметкері тек тәртіптік жаза алған. Сондықтан мәліметті қайта жариялағаны үшін үш жыл түрме жазасын тым қатаң үкім деп санаймын», – деді Назира Дәрімбет.

Еске салайық, 3 тамызда сот журналист Александра Алехованы кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеуді бес жылға кейінге қалдыра отырып, үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар оған үш жыл бойы журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Журналистке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша айып тағылған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз