Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:55, 25 Сәуір 2024

«Air Astana» әуе компаниясының ұшқышы ұшар алдында есірткі қабылдаған

d
Фото:

«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшқышы Алматыдан ұшар алдында есірткі қабылдағаны үшін ұсталды.

23 сәуір күні кешке Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерді жөнелту аймағында полиция Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстады.

Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедронды пайдаланып, сақтаған. Әнуарбеков тәртіп сақшыларына 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді болғанын мойындады. Ұсталғанға дейін бір күн бұрын ол төрт грамм ішкен. Соңғы рет 23 сәуір күні таңертең қабылдаған, деп жазады Cmn.kz.

Ол мектеп оқушылары арасынан болашақ ұшқыштарды тарту шарасына қатысу үшін Ақтауға ұшпақ болған.

Фото: Pavel Mikheyev

Тегтер: