Live

Ақмола облысында балалардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

Ақмола облысында жыл бойы жұмыс істейтін «Лингво Кэмп» жеке лагерінде кәмелетке толмағандардың жаппай улануына қатысты кінәлілерді полиция анықтап жатыр.

Бала

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысы алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, тергеу аяқталған соң түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігі («Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу салдарынан абайсызда адамдардың жаппай улануына жол беру») бойынша тергеліп жатыр. Аталған бап бойынша айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 шілдеде Біржан сал ауданындағы жеке сауықтыру лагерінде балалардың тағамнан топ болып жұқпалы ауруға шалдығу дерегі тіркелген. Зардап шеккен алты баланың төртеуі облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылса, екеуі амбулаториялық ем алған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз