Live

Эколог Лаура Мәлікованы босату туралы өтініш қанағаттандырылмады

Астана қалалық соты эколог Лаура Мәлікованы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Апелляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ.

Лаура Маликова

Бұл туралы экологтің адвокаты Мейіржан Досқараевқа сілтеме жасап, "Власть" басылымы хабарлады. Қорғаушының айтуынша, апелляциялық сот бірінші сатыдағы сот шешімін заңды деп таныған.

Еске салайық, 3 қарашада Астана қаласының әкімшілік соты Лаура Мәліковты бейбіт жиындарды ұйымдастыру тәртібін бұзды деп танып, 10 тәулікке қамауға алған.

Сот қаулысында экологтің 2 қарашада Instagram парақшасында митингке шақырған жазба жариялағаны көрсетілген. Соттың пайымдауынша, ол бейбіт жиындарға қатысты құқықтарды түсіндірумен шектелмей, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты белгісіз адамдар тобын митингке қатысуға үндеген.

Ал Лаура Мәлікова сот шешімімен келіспейтінін білдірген. Оның айтуынша, жариялаған жазбасында митинг өтетін нақты күн, уақыт пен орын көрсетілмеген.

Соған қарамастан, апелляциялық сот алғашқы шешімді күшінде қалдырды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз