спорт

Ақмола облысында футболшы матч кезінде көз жұмды

Ақмола облысының Атбасар қаласында футбол турнирі кезінде 58 жастағы ойыншы қайтыс болды.

Футбол

 Ол жарысқа Астанадан келген.

Қайғылы оқиға тікелей матч барысында болған. Спортшының қаза тапқаны туралы ақпарат 2 қыркүйекте тарады.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, турнирді Атбасар қаласының жергілікті әкімдігі ұйымдастырған. Іс-шара спорт басқармасымен немесе оған қарасты ұйымдармен келісілмеген.

Матч кезінде елордалық ойыншының жағдайы күрт нашарлаған. Дәрігерлер оған дереу шұғыл медициналық көмек көрсеткенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Әзірге ер адамның нақты неден қайтыс болғаны және оқиғаның өзге де мән-жайы ресми түрде жарияланған жоқ.

Тегтер: футбол
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз