Қоғам

Ақмола облысында Ресейден әкелінген күнбағыс тұқымынан қауіпті ауру анықталды

Ақмола облысында Ресейден жеткізілген күнбағыс тұқымдарының карантиндік аурумен залалданғаны белгілі болды. Бұл деректі Ақкөл ауданының аумақтық инспекциясының мамандары анықтаған.

Пісте

Тексеру барысында Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінен Ақкөл ауданы аумағына 0,019 тонна күнбағыс тұқымы әкелінгені белгілі болған. Зерттеу нәтижесінде өнімнің карантиндік нысан саналатын күнбағыс фомопсисімен залалданғаны анықталды.

Мамандардың айтуынша, фомопсис күнбағыс дақылына айтарлықтай зиян келтіретін қауіпті аурулардың бірі. Ол өнім сапасын төмендетіп, егін көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін.

Аталған факіге байланысты карантиндік өнім иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар әрі қарай қарау үшін сотқа жолданды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз