Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Ақмола облысындағы Жолымбет-Пригородное бағытындағы облыстық маңызы бар автожолда жеңіл көлік аударылып, қайғылы оқиға орын алды. Бұл туралы өңірлік полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
Жол апаты 19 сәуір күні болған. Chevrolet маркалы автокөлік жолдан шығып кетіп, аударылған.
Оқиға салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе қозғалыс тығыз учаскелерде абай болуды және көліктің техникалық жағдайын қадағалауды ескертті.